Куәгерлер: Тараздағы қорқынышты дауылдан иттер аспанда ұшып жүрді (фото)
Опубликовано:
Таразда қатты дауыл болды. Жедел құтқарушылар қала бойынша жұмыс істеп, жұлынған шатырлар мен жайпалған ағаштардың маңын қалыпқа келтіруде деп хабарлайды NUR.KZ порталы ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.
Қазір жел сондай қатты болмағанымен, әлі де соғып тұр.
Үшінші қараша күні сағат 16:00-де 30 м/с жылдамдықпен соққан желдің салдарынан 10 электр беру желілері үзіліп кетті.
2000 шаршы метрлік аумақтағы ғимараттардың шатыры жұлынды.
Дауылдан жарақат алған үш адам Тараз емханасына жеткізілді.
Байзақ ауданында 11 елдімекен жарықсыз қалды. Жамбыл ауданында үш елдімекен жарықсыз отыр.
Куәгерлер желіде жануарлардың қатты зардап шеккенін жарыса жазуда: жел иттерді аспанға көтеріп әкеткен.
Тағы да оқыңыздар:
Өскеменде әскерде оңбай таяқ жеген сарбаз ауруханада ес-түзсіз жатыр
Әйелдер еркектерге қарағанда әлдеқайда көп жұмыс істейтін болып шықты
Баян Мақсатқызы: Бұл жаныма қатты батты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1305616-kuagerler-tarazdaghy-qorqynyshty-dauy/