Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында жапан даладан табылған адамның қаңқасы жұртты шошытты (фото)

Опубликовано:

Бірнеше күннен бері қолданушылар әлеуметтік желіде өлген адамның қаңқасы көрсетілген фотоны таратып жатыр. Адамдар бұл фото Маңғыстау обылысында түсірілгенін айтуда деп хабарлайды Лада порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

Бұл фотоға қатысты пікір білдірген Қызылорда облыстық ІІД суреттің Қазалы ауданында түсірлегінін мәлімдеді.

Қызылорда облыстық ІІД 2016 жылдың 3-ші қараша күні Қазалы ауданының аумағынан белгісіз адамның қаңқасын тапқанын растап отыр.

"Сурет марқұмның қаңқасы табылған Қазалы ауданының территориясында түсірілген. Өлген адамның мүрдесінен зорлық-зомбылықтың белгісі табылмады. Оның қалтасын қарағанда Қызылорданың тұрғыны екенін растайтын жеке құжаттары табылды. Бұл 2015 жылдың 19 тамызында аңшылыққа шығып, содан із-түзсіз жоғалған адам. Мәселенің мән-жайы анықталуда", - деп хабарлайды Қызылорда облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Мағыстау ІІД мамандары мессенджерлерде таралып кеткен фотоны зерттеп жатыр. Фотода қару мен адам қанқасы жатқан өлген адам көрсетілген.

Тағы оқыңыздар:

Түркістандағы жындыхананы тексергендер адам сенгісіз мəлімдеме жасады (фото)

Ақмола облысында әкімнің орынбасары өзге қызметкермен жаға жыртысты

Күтпеген жерден ауыл тойына келген Жансейіт Түймебаев көпшілікті таң қалдырды (фото, видео)

Клинтон: АҚШ мүддесі үшін Трамппен жұмыс істесуге дайынмын

Мейрамбек Беспаев 40 жылдық мерейтойында ортаны бермей биледі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1312429-qyzylorda-oblysynda-zhapan-daladan-ta/