Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза болды (фото)
Опубликовано:
Алматы облысы, Алматы-Бішкек тас жолының 140-шы шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды. Оқыс оқиғадан бес адам қаза болған деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл ақпаратты Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.
Қайғылы оқиға 9 қараша күні 22.50-де Жамбыл ауданындағы Ақтерек ауылынан 30 шақырым жерде болған. Анықталғандай «Мерседес-124» пен «Тойота Превия» көліктері соқтығысқан.
Оқиға орнында екі көлік жүргізушісі мен үш жолаушы мерт болса, түрлі жарақат алған тағы алты адам ауруханаға жеткізілген.
Болжам бойынша, жол апаты болған жерден түсірілген фотолар "Жесть в Казахстане" парақшасында пайда болды.
Тағы оқыңыздар:
Түркістандағы жындыхананы тексергендер адам сенгісіз мəлімдеме жасады (фото)
Ақмола облысында әкімнің орынбасары өзге қызметкермен жаға жыртысты
Күтпеген жерден ауыл тойына келген Жансейіт Түймебаев көпшілікті таң қалдырды (фото, видео)
Клинтон: АҚШ мүддесі үшін Трамппен жұмыс істесуге дайынмын
Мейрамбек Беспаев 40 жылдық мерейтойында ортаны бермей биледі
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1312564-almaty-oblysynda-zhanturshigerlik-zhol-4/