Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да малшы өзіне шай құйып бермеген танысын пышақтап өлтірді

Опубликовано:

Батыс Қазақстан облысына қарасты Темір Масин ауылында қайғылы жағдай 10 тамыз күні болды. Қой бағып жүрген шопан өзіне шай бермеген танысын пышақтап өлтірген.

Бұл туралы Мой город порталына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

57 жастағы Өтепбай Мұхамбетов түс мезгілінде фермаға келіп, таныс келіншектен шай құйып беруді өтінген. Алайда, мас келіншек шай құйып беруден бас тартады. Осыдан соң, айыпталушы ер азамат шәйнекті алып, өзі шай қоймақ болғанда, марқұм келіншек оны арқасынан пышақпен ұрған.

Кейін мас келіншектен қорғанбақ болған малшы оны бірнеше жерден пышақтап, жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған.

БҚО соты айуандықпен адам өлтірген шопанды 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.

Тағы оқыңыздар:

ОҚО тұрғыны 50 млрд теңгесін қайда жұмсарын білмей, көмек сұрады

Алматыны қалың қар басып қалды (фото, видео)

"МузАрт" тобы сахнаға аюлармен бірге шықты (видео)

Обама Трамп жайлы: Екеуміздің арамыз жер мен көктей

Қазақстанға келген Голландия елшісі Ресейді үлгі тұтпауға шақырды

Қанат Ислам: Мен Канеломен де, Коттомен де кездесуге дайынмын (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1319516-bqo-da-malshy-ozine-shay-quyyp-bermegen-t/