Өскеменде Ертіс өзенінің үстінен өтетін көпір қирап түсті (фото, видео)
Опубликовано:
Өскеменде Ертіс өзенінің үстінен өтетін көпір қирады. Бұл туралы NUR.KZ порталы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ескі көпір конструкциясына жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында көпір аралықтарының бірі қирап, ондағы жұмыскерлерге шұғыл көмек қажет болған.
Жүздеген метр биіктікте қалып қойған жұмыскерлерді құтқаруға қызметкерлер келді деп жазады ustinka.kz. Ол үшін 13 құтқарушы жұмылдырылып, үш дәрігер де шақыртылған.
Жұмыскерлердің біріне дәрігер көмегі қажет болды. Ол аяғын шығарып алған. Ер адамды емханаға жеткізді. Екінші жұмыскер дін-аман.
"Көпірдің тіректерінің бірі шыдас бермеді. Біз көпір қауіпті екенін ескертіп, оны жөндеуге кіріскен болатынбыз", - дейді құзырлы бөлім басшысы Асқар Жақсылықов.
Тағы оқыңыздар:
Назарбаев: Мен билікті балаларыма өткізбеймін (видео)
Мұсылман жігіт сәжде үстінде жан тапсырды (видео)
Головкин Қытайда өзінің қазақ "егізімен" танысты (фото)
Стриптиз-шоу ұйымдастырған түнгі клуб қарағандылықтардың ашуын келтірді
Мұхтар Құл-Мұхаммед елбасының есімін Елордаға беруді қолдауға шақырды
Сүйікті әнін естіген той қонағы тұрған жерінде билеп кетіп, елді күлкіге қарық қылды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1327284-oskemende-ertis-ustindegi-kopir-qira/