Ақтөбелік жігіт моншада үстіне мұздай судың орнына ыстық су құйып жіберген
Опубликовано:
Ақтөбеде моншаның буынан шыққан ер адам үстіне мұздай судың орнына ыстық су құйып жіберген деп хабарлайды Ақтөбе Таймс-қа сілтеме жасап NUR.KZ.
Сенбі күні Заречный ауылынан ауруханаға денесін күйік шалған 19 жастағы жігіт жеткізілген. Облыстың бас камбустиологы Нұрлан Әбішевтің айтуынша, науқастың денесінің 15%-ын күйік шалған.
"Жас жігіт өз үйінде моншаға түсіп жатқан. Будан шыққан кейін ыстық су мен мұздай су тұрған легенді шатастырып алып, үстіне ыстық суды құйып жіберген. Оның беті, іші, кеуде тұсы күйіп қалған. Оны жедел жәрдем дәл моншадан ауруханаға алып келді. Қазір науқастың жағдайы орташа болса да оның келешекте жазылып кететініне мүмкіндік мол. Жас жігіт қазір күйік орталығында дәрігерлердің бақылауында", - дейді Нұрлан Әбішев.
Дәрігердің айтуынша, адамдар моншада жиі жарақат алып жатады. Сондықтан ақ халаттылар жұртты абай болуға шақырды.
Тағы оқыңыздар:
Алматының орталық көшесінде жаппай төбелес болды (видео)
Есікте бір топ жігіт зорлаған қыздың адвокаты: Қазақтың қызы мал емес
Баласын оңдырмай сабаған алматылық ана 200 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілетін болды
Назарбаев "Түнгі студияда" қонақта болды (фото)
Елімізде жерді жалға берудің талаптары тағы өзгермек
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1331917-monshagha-barghan-aqtobelik-zhigit-ustin/