Байқоңырдан ұшырылған ғарыш кемесі әуеде жанып кетті (видео)
Опубликовано:
Халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тонна жүкті жеткізу үшін «Прогресс МС-04» ғарыш жүк кемесін тиеген «Союз-У» тасығыш-зымыраны Байқоңыр айлағынан ұшып шыққан болатын. Алайда 9 минуттан кейін кеме тасымалдаушы зымыраннан ажырап қалып нәтижесінде ол апатқа ұшырады деп хабарлайды Newsru.com-ға сілтеме жасап NUR.KZ.
«Қолда бар ақпараттарға сенсек, кеменің апат болғаны анықталып отыр. Мүмкін жарылыс болған шығар. Қазіргі кезде ақпарат тексіріліп жатыр", - деп мәлімдеді дереккөз агенттікке.
Тыва қарулы күштеріндегі РИА «Новости» дереккөзінің хабарлауынша, ғарыш жүк кемесінің сынықтары дәл осы өңірге құлаған. Оның айтуынша, «Прогресс» деп аталатын кеменің сынықтары құлауы мүмкін орын куәгерлердің сөзі бойынша тексеріліп жатыр.
Журналистерге куәгерлердің Тывадағы Иштия-Хем елдімекенінің тұсынан от жарықшақтарын көргені хабарланды.
Тыва мен Хакасия тұрғындары әлеуметтік желілерде от жарықшақтарын дәл ғарыш кемесі құлаған уақытта көргенін жазып жатыр.
Мәселен, Саяногорск (Хакасия) тұрғыны «В контакте» желісінде жергілікті уақытпен сағат 22:10-да аспаннан ромб тәрізді үлкен бір объект көргенін айтады. Оны олар метеорит деп ойлаған. Саяногорск тұрғындарының бірінің айтуынша, аспандағы белгісіз нысандар түрлі түсті болған. Интернетте ғарыш жүк кемесі сынықтарының құлағаны болуы мүмкін видео пайда болды.
Тағы оқыңыздар:
Қазақстан құрамасы моңғолдарды жеңіп, "Еуразия барысы" атанды
Айсұлтан Назарбаев биліктегі жағымпаздарды қатаң сынға алды
Әлемдік байқауда жартылай жалаңаш денесін көрсеткен қазақ қызы кім? (фото)
Хиджаб киіп, темекі шеккен қыздар көпшіліктің ашуын келтірді
ОҚО-да сегіз жасар бүлдіршіндер облыс әкіміне ертегі оқып берді (видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1335199-bayqonhyrdan-ushqan-zhuk-tasyghysh-gharysh-k/