Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралдың қақ ортасындағы екі қабатты үй құлағалы тұр

Опубликовано:

Оралдың қақ ортасындағы тарихи ескерткіш қатарына қосылған ғимарат құлаудың алдында тұр деп хабарлайды КТК арнасы.

Тұрғындар қабырғасы сетінеп, төбесі құлағалы тұрған баспаналарында жандарын шүберекке түйіп отыр. Жаңа үйге жаппай көшіру үшін сол үйдегілердің барлығының келісімі қажет екен. Бірақ оған төменгі қабатта шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер көнер емес.

Оралдың орталығындағы бұл үй осыдан бір жарым ғасыр бұрын салынған. Төрінде талай жайсаңдар тұрып, қазір тарихи ескерткіш ретінде танылғанымен, тозығы әдбен жеткен. Суы мен жылуын айтпағанда, тұрғындар дәрет сындыру үшін көше жағалап кетеді. Өйткені мұнда оған жағдай жасалмаған.

"Су жоқ. Газ жоқ. Туалет тағы жоқ. Біз кәдімгі бомж ретінде тұрып жатырмыз. Бұл үй негізі 1975 жылы сүріледі деп құжат жиналған", - дейді Орал қаласының тұрғыны Қоңырша Иманшиева.

Мемлекеттің қорғауында болғанымен бұл үйге көңіл бөліп жатқан ешкім жоқ. Едені шіріп, баспалдағы шегесіне әрең ілініп тұр. Ал сетінеген қабырға мен жарылған төбені көріп тұрғындар күнде иманын үйіріп отырады.

Бұл үйдің жағдайынан әкімдіктегілер де хабардар. Бірақ тұрғындарды басқа ғимаратқа жаппай көшіру үшін осында тұратындардың бәрінің келісімі қажет екен."Көшіруге тұрғындардың жүз пайыз келісімі қажет. Қазір ол үйде дәріхана, студия, сэкондхенд бар.  Бұндай келіспеушілікті тұрғындар өзара шешу қажет. Одан кейін ғана көшіру мәселесіқарастырылады", - дейді Орал қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары: Мейіржан Нұртазин.

Жаппай көшуге төменгі қабаттан кәсібін ашқандар көнбей отыр. Өйткені күнделікті тауып отырған пайдасынан ешқайсы айрылғысы келмейді. Әйтсе де, тарихи ескерткіш болғандықтан, бұл ғимарат сүріп тастауға да келмейді. Ал жөндеуге әкімдіктегілер құлықсыз. Тұрғындар мен кәсіпкерлер бір шешімге келген күннің өзінде жаппай көшіріп жіберуге дайын тұрғын үй де жоқ екен.

Тағы оқыңыздар:

Көптен бері көрінбей кеткен Сара Назарбаева халық алдына шықты (фото)

Қалыңмалға 10 мың доллар әкелген құдалар қыздың әжесіне жақпай қалды

Тасмағамбетов: Қазақ тілі деген халықтың жаны, бұдан артық айта алмайсың

Қазақстандық азамат құлдықта көрген жантүршіктірер азаптарын баяндады

Танымал актриса әйелін балталап тастаған еркектен қалай аман құтылды?

Астана мектептерінің бірінде оқушы өлі күйінде табылды

Жеті ай бойы төсекке таңылып жатқан қазақ әншісі дертінен қалай айыққанын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1336312-oraldynh-qaq-ortasyndaghy-eki-qabatty-u/