Түрмеде зорланған Слекишинаны бес жылға бостандыққа шығарды
Опубликовано:
23 жетоқсан күні Алматы облысы Іле аудандық сотында Наталья Слекишинаның мерзімін кешіктіру жөнінде сот отырысы өтіп, нәтижесінде Натальяны бес жылға бостандыққа шығару туралы үкім қабылданды.
Бұл туралы Слекишинаның қорғаушысы Айман Омарова NUR.KZ тілшісіне хабарлады.
«Мемлекет айыпталушының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болғандықтан, прокурор Натальяның мерзімін ең ұзақ уақытқа кешіктіруге қарсы болған жоқ. Сот түрмеде отырып зорлық-зомбылықтың құрбаны болған Слекишинаның тәртібін және үшінші баласы кішкентай екенін ескере отырып жаза мерзімін бес жылға тоқтатуға үкім шығарды», - дейді Айман Умарова.
Омарованың айтуынша, Наталья өтеуге тиіс сегіз жылдың бір жылын ғана өтеген.
Бұл іске қатысы бар деп айыпталған майор Руслан Хакимов "Время" газетіне жазған хатында Наталья қандай жолмен болса да аяғы ауыр болғанын қалағанын алға тартты.
Естеріңізге сала кетсек, Слекишинаның қорғаушысы Айман Омарованың мәлімдеуінше, тергеу изоляторының қызметкерлері сотталушыны зорлап, нәтижесінде әйелдің аяғы ауыр болып, дүниеге сәби әкелген.
Жүргізілген сараптама нәтижесінде, баланың әкесі түрме қызметкерлерінің бірі болып шыққан. Ол қамауға алынды. Алайда, куәгерлердің айтуынша, Наталья мен оны зорлады деп айыпталған қызметкер көңілдес болуы да мүмкін.
Күдікті Руслан Хакимов, айыпты деп танылып тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ, ол өз кінәсін мойындаған жоқ.
Тағы да оқыңыздар:
Тұрсынбек Қабатов неге жылады, танымал дизайнерді "шошқаға" теңеген әнші кім?
Теңге бағамы жарты жылда алғаш рет рекордтық деңгейге көтерілді
Әкімнің тоқалы болғысы келетін қазақ қызы жалпақ жұртқа жар салды
Африкалық футболшы Қазақстан азаматтығын алғысы келеді
Қоқыс арасында отырып, бар зейінімен сабақ оқыған бала әлем жұртшылығын сүйсінтті (фото)
Ресейлік келіншек өзгенің баласын құтқарамын деп барысқа таланып қалды (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1357065-turmede-zorlanghan-slekishinany-bes-zhy/