Атырауда бақташы өз әріптесін атып тастады

Опубликовано:

Қаңтардың 19-ы күні Құрманғазы ауданы Нұржау ауылына қарасты «Сазды» учаскесінде орналасқан шаруа қожалықтарының бірінде кісі өлімі болды деп хабарлайды Ақжайық басылымы.

Екі жалдамалы бақташы қожалық иесінің жоқтығын пайдаланып, ішімдік ішкен. Осы кезде екеуінің арасында келіспеушілік туып, бірі өзінің бөтелкелесіне аңшы мылтығымен оқ атқан.

Басына оқ тиген бақташы оқиға орнында қаза тапты.

"Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағымен («Адам өлтіру») сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүруде", - дейді Құрманғазы ауданы прокурорының орынбасары Магилан Рахимов.

33 жастағы күдікті уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

Тағы оқыңыздар:

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде боран соғады

Қазақстандық оқушылардың сабақ кестесіне тағы бір жаңа пән қосылмақ

Алматыдағы көлік салондарының біріне әжетханаға барған қыздың жүрегі тас төбесіне шықты

Стангрит: Қанат Ислам үлкен жекпе-жектер өткізуі керек

Халық банкі Qazkom-мен келісіміне қатысты мәлімдеме жасады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1382616-atyrauda-baqtashy-oz-ariptesin-atyp-ta/