Ақтөбеде «Ағайынды төртеудің» жетекшісі изоляторда өзін-өзі сабаған

Опубликовано:

Ақтөбеде мұнай ұрлығына қатысты қылмыстық топты басқарды деген күдікпен ұсталған Еркін Ізбасардың ауруханаға қалай түскені белгілі болды деп хабарлайды КТК арнасы.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тартқан мәліметке қарағанда, «Ағайынды төртеу» тобының жетекшісі өзін-өзі ұрған.

Еркін Ізбасар Ақтөбедегі темір жол ауруханасында бір айдан бері ем алып жатыр. Оның палатасына дәрігерден басқа ешкімді жолатпайды. Мекеме басшылары да оның жағдайына қатысты жұмған ауыздарын ашпай отыр.

Ал істі тергеп жатқандар Ізбасардың абақтыда өзін-өзі жұдырықтап, басын темір керуеттің жақтауына соққанын айтады. Дәлелдері де бар екен.

Өйткені бұл қылығын бейнетаспаға түсіріп алған. «Ағайынды төртеудің» серкесі желтоқсанның басында мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты басқарды деген күдікпен қамалған еді. 16 сыбайласы да істі болып жатыр. Араларында тіпті құзырлы орган басшылары да бар.

Тағы оқыңыздар:

Мелания Трамп Мишель Обамаға қандай сыйлық тарту етті? (видео)

"Қашан тұрмысқа шығасың" деген сөзден шаршаған арулар уақытша жігіт жалдап жатыр

Ақтөбелік келіншек қауқарсыз әжесін алдап, далада қалдырды

Атақты футболшы 24 жасында есірткі шеккенін айтып мақтанды

Шенеуніктерге көңілі толмаған Мирзияев оларды сөгіп тастады

Атыраулық тұрғын араққа ақша табу үшін зейнеткерді ұрып өлтірген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1390509-aqtobede-aghayyndy-torteudinh-zhetek/