Семейлік күзетші жігіт екі бала мен әйелді өрттен аман алып шықты
Опубликовано:
Семейлік күзетші жігіт өрт сөндіру қызметі жеткенше отқа оранған үйдің ішінен екі бала мен әйелді өрттен аман алып шықты деп хабарлайды 24.kz.
Өткен жұма «101» желісіне Красин көшесіндегі жұмысын тоқтатқан кәсіпорын аумағындағы өрт туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынның едәуір жерді шарпып үлгергенін көрген.
Құтқарушылар келгенше, осы маңдағы күзетші айқайлаған дауысты естіп, 14 және 9 жастағы екі бала мен әйелді тілсіз жау құрбаны болудан алып қалыпты. Ол көшедегі куәгерлердің көмегімен терезелердегі торларды жұлып алып, тұрғындарды алып шыққан.
Дәрігерлер балалар мен әйелді қарап шығып, жеңіл-желпі иіс тигенімен, олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ екенін анықтады.
Ал күзетші азамат оң жақ қолы мен желкесін күйдіріп алған. Алайда ауруханаға жатудан бас тартыпты
Тағы оқыңыздар:
Димаш Құдайберген күйшілік өнерімін көпшілікті баурап алды (видео)
20 жыл жарықсыз отырған ауыл тұрғындары теледидардың не екенін ұмытып қалды (фото)
Әлеуметтік желіге жартылай жалаңаш шыққан бойжеткен ел назарын аударды (фото)
Қарағандыдағы ЖОО ректорының үйінен 1 млн 200 мың доллар ұрланды
Универсиаданың алғашқы жарыс күнінде Қазақстан нешінші орынға тұрақтады?
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1392909-semeylik-kuzetshi-zhigit-eki-bala-men-ay/