40 мың теңге үшін сатушыны оңдырмай сабаған қарақшы қолға түсті
Опубликовано:
Павлодарда дәл жаңа жыл түні дүкен сатушысын ұрып-соғып, кассадағы ақшаны ала қашқан адам ұсталды деп хабарлайды КТК арнасы.
Бетін тұмшалап алған қарақшының бұл әрекеті дүкендегі бақылау камерасына түсіп қалған.
Медициналық бетперде таққан ер адамның дүкенге кіріп, сатушыны соққының астына алғаны кадрларда анық көрінеді. Еденге құлаған әйелді оңдырмай сабаған бұзақы кейін кассадағы 40 мың теңгені алып, ізін суытқан.
Дүкеншінің өзі жараланғанымен, аман қалды. Ал видеоны зерттеген полицейлер ақыры 34 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Қылмыскер бұрын да істі болған екен. Кінәсін мойындаған ол ұрлаған 40 мың теңгені қайда жұмсағанын да айтып беріпті.
"Күдіктінің айтуынша, ақшаға жаңажылдық дастарханға азық-түлік, спирттік ішімдіктер және туыстарына сыйлықтар алған", - дейді Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметінің маманы Алма Мұсабекова.
Тағы оқыңыздар:
Ел алдында Тәуекелмен сүйіскен Жанар Дұғалова тыңдармандарына жақпай қалды
Күйзелген адамды жөргекке орап емдейтін жапондықтар жұртты таңғалдырды
Неймар "Ақтөбе" футбол клубына жанкүйер болатынын мәлімдеді
Баян Есентаеваның сүйіктісі "Құрмет" орденімен марапатталды
Головкиннің қарсыласы қалай дайындалып жатыр? (видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1402129-40-mynh-tenhge-ushin-satushyny-onhdyrmay-saba/