Ақтөбеде тілі тесіліп, бас сүйегі жарылған ҰҚК қызметкері аман қалды
Опубликовано:
Ақтөбедегі ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінде болған төтенше жағдай бойынша дәрігерлер ақпарат таратты. Оқ тиіп, жарақат алған №2030 әскери бөлімінің 32 жастағы қызметкері аман қалған.
Бұл туралы аймақтағы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігерінің хабарлауынша, таңдай сүйегі шашылып, тілі тесіліп, бас сүйегі жарылған комитет қызметкері тілге келген.
«8 ақпан күні емханаға әскери қызметкер түсті. Жарақаты ауыр, басынан оқпен жарақат алған. Бірден ота жасауға алынды. Екі бригадамен 5 сағат бойы ота жасалынды. Оқ иегінің астынан кіріп, басынан шыққан. Мұрын сүйегі, бас сүйегі жарақаттанған. Зақымданған жердің барлығын орнына келтіргендейміз. Бірінші бригада бас сүйегі мен жыртылған бетін тікті. Екінші бригада ауыз қуысымен жұмыс жасады. Науқастың тілі мен таңдай сүйегі қатты жарақаттанып, шашылып қалған. Жағдайы ауыр. Бірақ есін жинады, қойылған сұраққа жауап бере алады», - дейді облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстан.
Тағы оқыңыздар:
Баян Есентаева Ақботаның топтан кетуіне жүктілігі себеп болғанын растады
"Серебро" продюсері аңдамай сөйлеген әншіге кешіріммен қарауға шақырды
Назарбаев әйгілі "Қыз Жібек" операсын тамашалады (фото)
Әдеби порталдың ашылуына келген министр өлең оқып берді
Қытайда жеңіліп көрмеген қазақ жауынгері қайтадан рингке шығады
Мұғалімдердің шынайы өмірін баяндаған бойжеткен көпшіліктен қолдау тапты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1406434-aqtobede-tili-tesilip-bas-suyegi-zhary/