Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да үйлену тойына келе жатқан жас жұбайлар қар құрсауында қалып қойды (фото)

Опубликовано:

21 ақпан күні таңғы уақытта Шымкенттен Ақтас ауылына бет алған бес жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойды. Олардың арасында жас жұбайлар бар. Бұл туралы NUR.KZ порталы "ТВК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шыбықбел асуында қардан шыға алмай қалған адамдар амалсыздан құтқарушыларды шақырған. Арнайы жол талғамайтын көлікпен шыққан құтқарушылар оларға дер кезінде көмектесті.

"Құтқару жұмыстарын жүргізуге подполковник К.Әуелбеков пен үш құтқарушы шықты. Нәтижесінде бес көлік пен алты адам құтқарылды. Олардың арасында Ақтасқа достарымен бірге бет алған жас жұбайлар бар", - дейді құтқарушы бөлімшенің басшысы Павел Вишенин.

Өз жұмыс орындарына қайтқан құтқарушылар жолай қар құрсауында қалған тағы бес адамға көмек көрсетті. Одан бөлек сегіз жасар қыз баланың соқыршегіне  ота жасау үшін шалғай аймаққа арнайы хирург дәрігер жеткізіліп, қыз балаға ота жасалды.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстандықтарды жаңа медициналық сақтандыру жүйесінде не күтіп тұр?

Ақтөбедегі даулы оқиғаға қатысты "Нұр Ғасыр" мешітінің өкілдері жауап берді

Ішкі істер органдарындағы ең сұлу қызметкерді таңдаңыз (фото)

Ақтөбелік жас мұғалім үшінші сынып оқушысын зорламақ болды

Қанат Бозымбаев жаңа қызметінде жалақы алудан бас тартты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1417004-oqo-da-zholgha-shyqqan-zhas-zhubaylar-qar-qu/