Қостанайда йогурттан уланған екі жасар бүлдіршін қайтыс болды

Опубликовано:

Қостанайда екі жасар қыз йогурттан уланып мерт болды деген суыт хабар WhatsApp мессенджері арқылы тарап жатыр. «КН» тілшілері бұл жайттың анық-қанығына жету үшін қалалық емханаға қоңырау шалды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Қайтыс болған қыздың отбасымен жақын араласатын көршісі  бүлдіршіннің жағдайы жергілікті супермаркеттен сатып алынған йогурт немесе ірімшіктің кесірінен нашарлағанын айтуда.

"Бәрі бір апта бұрын болды. Оны ұшаққа отырғызып, Астанаға алып кеткен. Ал бүгін сол ұшақпен оның мәйітін алып келгенін естідім. Бұл бәріміз үшін қайғылы жайт. Анасы қызына не сатып алғанын да есіне түсіре алар емес, чегін сақтамаған. Енді жерлеу рәсімімен жүгіріп жүр. Бір апта ішінде бауыр, бүйрек, жүрегі жұмысын тоқтатқан", - деп оқиғаны жылап тұрып баяндады бойжеткен.

Тілшілер бұл жайттың растығына көз жеткізу үшін қалалық балалар емханасына хабарласты. Онда баланың уланып түскенін растағанымен, оқиғаның мән-жайын айта алмайтындарын алға тартты. Ол үшін қыздың ата-анасының тікелей рұқсатын алу керек екен.

Тағы оқыңыздар:

Алтын жалатылған көліктер мен тікұшақ: Еліміздегі бай-бағландардың тойы қалай өтеді?

Дәрігерлер Маржан Тұрлыбай жатқан Түркістандағы атышулы мекеменің былығын әшкереледі

Өскеменде тырдай жалаңаш қыздар салонда ерлерге қызмет көрсетуде (фото +18)

Алматыда жүргізуші кішкентай қызды қағып өлтіріп оқиға орнынан тайып тұрды (фото)

Ақтөбелік шенеунік екі әйелді аяусыз құлдықта ұстаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1418583-qostanayda-belgisiz-yogurttan-ulangh/