Алматы облысында бір топ жігіт зорлаған 14 жасар қыз нәрестелі болды

Опубликовано:

Алматы облысында 14 жастағы қызды төрт ер адам зорлап, нәтижесінде оқушы қыз жүкті болып қалды. Өзінің жүктілігін жеткіншек біраз уақытқа дейін білмей келген. Бұл туралы NUR.KZ порталына Алматыдағы "Аналар үйінің" координаторы Аминат Джаппуева айтып берді.

Гауһар (есімі өзгертілген) үйіне қайтып бара жатқанда, жолай досын кездестіріп қалады. Ол қызды кешке шақырып, сол жерде достарымен бірге Гауһарды зорлап тастайды. Анасынан ерте айырылған қызды жігіттер "тіс жарсаң, әкеңді өлтіреміз" деп қорқытқан. Қыздың жүкті екені анықталғанда, әкесі оған түсік тастауға тыйым салады. Ер адам қызы түсік тастаса, ешқашан бала көтермей қалуы мүмкін екенінен қорыққан.

Қыз бала ауылда тым көп өсек тарап кеткесін, амалсыз "Аналар үйіне" көшіп барады.

«Іс прокуратураға жолданды. Сот күтілуде. Қыз баламен күніге психолог жұмыс істеп жатыр. Гауһар осында кешкілік мектепті аяқтады, жақсы тамақ пісіреді, киім тігеді, өте жақсы ана. Ол нәрестесін қатты сүйеді және анасы ретінде бар жағдайын жасағысы келеді», - дейді Аминат Джаппуева.

Гауһарды зорлаған жігіт баланың жағдайынан хабардар етіп отыруын өтінген. Тіпті оған үйленуге әзір екенін жеткізгенімен, қызды қамқорлығына алған Аминат бұған жол бермеді.

«Бір айға тұрмысқа беріп не керек? Бәрі тынышталғанда оны үйден қуып шығады. Оның өзі де қалап тұрған жоқ. Нәресте төрт айға келді. Олар кәмелетке толғанға дейін осында тұрады», - дейді координатор.

Ал Жанар есімді бойжеткен жігіті үйленемін деп алдап, өз атынан несие алдырғанын айтуда. Кейін жүктілігін біліп қашып кеткен. Бойжеткен баласын бағудан бөлек, жігітіне алып берген несиені қомақты пайыздарымен төлеп отыруы тиіс.

 

Мика есімді өзге бойжеткен намазхан жігіттің үйленемін деген сөзіне алданғанын айтуда. Жігіт оны ата-анасымен таныстырғанда, олар Миканы ұнатпай қалған. Салдарынан бойжеткен нәрестесін құшақтап жалғыз қалды.

"Ол Жапонияда магистратураны тәмамдаған. Тілдерді біледі. Ал мен Өзбекстанда қарапайым отбасында дүниеге келдім. Астанада тұратын ата-анасы мені оған тең емес деп санады", - дейді Мика.

Тағы оқыңыздар:

Алтын жалатылған көліктер мен тікұшақ: Еліміздегі бай-бағландардың тойы қалай өтеді?

Дәрігерлер Маржан Тұрлыбай жатқан Түркістандағы атышулы мекеменің былығын әшкереледі

Өскеменде тырдай жалаңаш қыздар салонда ерлерге қызмет көрсетуде (фото +18)

Алматыда жүргізуші кішкентай қызды қағып өлтіріп оқиға орнынан тайып тұрды (фото)

Ақтөбелік шенеунік екі әйелді аяусыз құлдықта ұстаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1418746-almaty-oblysynda-bir-top-zhigit-zorlap/