Шымкентте мектептің дәретханасын жөндеуге міндеттелген мұғалім жарылыстан көз жұмды

Опубликовано:

Шымкентте мектеп дәретханасының жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ажал құшқан мұғалімнің әрекетін білім бөліміндегілер «түкке тұрмайтын» жұмысқа теңеді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Жексенбі күні Х.Досмұхамедов атындағы №4 мектеп ішіндегі дәретхананың жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс салдарынан жарақат алған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі төтенше жағдай орын алғаннан кейін бір сағаттан соң ес жимастан аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

«Мектептегі дәретхананың екі түтігі жарамсыз боп қалған. Сол жерден су ағуына байланысты ата-аналар тарапынан реніш пайда болды. Оны мектеп оқушылары бар кезде жөндеуге мүмкіншілік болмаған. Сол себептен мектеп директорының міндетін атқарушы азамат жігіттерді жинап, жәрдем беруге шақырады. Бұл жерде дәнекерлеуші мектеп мұғалімі емес, басқа жақтан шақырылған. Жұмысты атқарып болғаннан кейін ақау шыққан», - деді Шымкент қалалық білім бөлемінің сектор меңгерушісі Пазылхан Асауов.

Аталған оқиғаға қатысты Абай аудандық ІІБ қылмыстық іс қозғалды. Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе жүргізіліп жатқан тексеру жұмыстарының қорытындысы бес жұмыс күннің ішінде белгілі болады.

1982 жылы дүниеге келген мұғалім аталған мектепте он бес жылдан бері ұстаздық етіп келген. Білім бөліміндегілердің айтуынша, үш баласы бар марқұмның отбасына мектеп тарапынан көмек беріліп жатыр. Ал білім бөлімі көмекті құзырлы органның тексеру нәтижесінен соң береді.

Бір қызығы, білім бөлімінің өкілі жергілікті арнаға берген сұхбатында жөндеу шараларына жәрдемдескен оқытушының бұл әрекетін «арзымайтын» жұмысқа теңеді. Айтуынша, мұндай жөндеу жұмыстарын мектептің өзі жүргізуі тиіс.

«Коммунальный мекеме жоқ бізде барып, жібере салып «варить» ететін. Мектеп өздері жәрдем сұрап, өздері істейді ғой ондай жұмыстарды. Екі «винтель» қойған, ары қарай «капроновый» ауыстарған ғой. Арзымайтын жұмыс...», - деді сектор меңгерушісі Пазылхан Асауов ТВК арнасына берген сұхбатында.

Тағы оқыңыздар:

Қытайлықтарды жылатқан Димаштың видеосы қаралым бойынша рекорд орнатты (фото, видео)

Алматы облысының тұрғыны ауласына кіріп кеткен төрт жастағы баланы атып тастады (фото)

Александр Бородюк футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Дәрігерлер анасы көшеде босанып, тастап кеткен сәбиді қалай тауып алғандарын айтты

Жетім балаларды зорлады деп айыпталған жігіттің ісіне қатысты жаңа дерек шықты

Тәуекел Мүсілімге жұп болуға лайық отандық актрисаны таңдаңыз

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1423250-mekteptegi-ortten-qaza-tapqan-mughali/