Талғарда сатушы әйел өзіне тап берген қарақшыны полицияға ұстап берді (видео)
Опубликовано:
Нәзік жанды әйелдің қайтпас қайсарлығын көрсететін бейнежазба әлеуметтік желіде таралып кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алматы облысы Талғар қаласындағы супермаркеттердің бірінде орнатылған бейнекамераға қарулы ер адамнан тайсалмаған өжет сатушының әрекеті түсіп қалған.
Бейнежазбада ер адам кассаға жетіп келіп, аңшы қаруын сатушы әйелге кезенеді. Алайда әйел адам бір сәтке ойланбастан, қарақшының өзіне тап берген. Сатушыға көмекке дүкеннің тағы бір қызметкері мен бөтен ер адам келеді. Сөйтіп, қарақшының қолынан қаруды тартып алады.
Алматы ІІД растағандай, оқиға кеше кешкісін болыпты.
"1994 жылы туған ер адам ұсталып, қамауға алынды. Оның қаруы тәркіленді. Оқиға бойынша 192-бапқа сәйкес қылмыстық өндіріс қозғалды", — деп ақпарат берді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыздар:
Келесі жылдан бастап әйелдердің зейнет жасы көтеріледі
Димаш Құдайберген Селин Дионның әнін орындап, 2-орын алды
2,5 млрд теңге жымқырған Алматы метросының бұрынғы басшысы рақымшылыққа ілінді
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1434738-talgharda-satushy-ayel-qaraqshynynh-qaru/