Алматыда жаппай жол апаты орын алып, 5О-ге жуық көлік соқтығысып қалды (фото, видео)

Опубликовано:

Алматыда жаппай жол апаты орын алды. Куәгерлердің хабарлауынша, 40-тан астам көлік соқтығысып қалған.

Әл-Фараби даңғылының бойында бірнеше жол апаты орын алған. Алдын ала болжам бойынша, 15-ке тарта автокөлікке зиян келген.

Екінші бір жаппай жол апаты Шығыс айналым жолының бойында болды. Бұл туралы Территория происшествий бағдарламасының тілшілері хабарлады. Салдарынан 10 автокөлік зардап шеккен.

Zakon.kz-тің хабарлауынша, Шығыс айналым жолында үш бірдей жол апаты орын алған.

Бастапқыда Әл-Фараби даңғылы мен Диваев көшесіне дейінгі аралықта Mitsubishi Delica мен Honda CR-V автокөліктері соқтығысқаны белгілі болды.

Салдарынан, төмен бағытта қозғалып келе жатқан Subaru Legacy көлігінің жүргізушісі жол апатын көріп, тежегішті басқан. Алайда көктайғақтың кесірінен автокөлік жолдың оң жағына қарай бір-ақ сырғыған.

Бұдан кейін соқтығысқан автокөліктердің саны арта түсті. Кей автокөліктер жол апатын айналып өте алды. Алайда жүз метр қашықтықта автокөліктердің екінші легі соқтығысып жатқан еді. Бірінші жол апатынан "аман" өткендер, екінші жердегі жол апатына тап болып, бірінен соң бірі соғыла берген.

Үшінші жол апаты бұдан тағы 200 метр қашықтықта болған. Оның да көктайғақтың кесірінен болғаны белгілі. Нәтижесінде 300 метрлік жол бөлігінде үш бірдей жол апаты туындаған. Жалпы алғанда бұл учаскеде 12 автокөлік соқтығысқан.

Нәтижесінде Honda CR-V көлігінде отырған кішкентай бала мен Subaru Legacy көлігінің жолаушысы - аяғы ауыр келіншек зардап шекті. Өзге көліктерде зардап шеккендер жоқ.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1435246-almatyda-zhappay-zhol-apaty-oryn-alyp-5o/