Ұшақта ұйықтап кеткен қыздың құлаққабы жарылып, беті күйіп қалды (фото)

Опубликовано:

Бейжіңнен Мельбурнге бет алған ұшақта төтенше жағдай орын алды. Музыка тыңдап ұйықтап жатқан жолаушының кенеттен құлаққабы жарылып, қыздың беті мен мойны күйіп қалған деп хабарлайды Baq.kz.

Оқыс оқиға ұшақ әуеде болғанда орын алды. Сымсыз іске қосылатын құлаққаптың батареясы жарылған екен. Ал қыздың өзі бұл кезде музыка тыңдап ұйықтап жатқан.

«Жарылыстың даусынан селк ете түстім. Бетімді бір нәрсе күйдіріп бара жатқанын сездім», - дейді зардап шегуші.

Жарылыстың салдарынан қыздың беті мен мойны, қолы күйіп қалған.

Көмекке жүгірген жолсеріктер құлаққапты бірден су толы ыдысқа салды.

Күйген пластмасса мен сымның иісі салонға тарап, ұшақ қонғанға дейін жолаушыларға жайсыздық тудырған.

Тағы оқыңыздар:

Арман Сқабылұлы: Қазақ телевизиясын кілең сайқымазақтар басып алды

55 жастағы ақтөбелік тұрғын мал үшін өзінің бажасын атып тастаған (фото)

Сағынтаевтың келетінін естіген семейлік шенеуніктер жанталасып көше тазалап жатыр (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1439671-ushaqta-uyyqtap-ketken-qyzdynh-qulaqqa/