Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмысына салғырт қараған күзетші сот залында ер адамның өз әйелін өлтіруге жол берді

Опубликовано:

Қостанай облысындағы аудандық соттың күзетшісі жұмысына салғырт қарағаны үшін айыпты деп танылып, шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды өңірлік соттың баспасөз қызметі.

28 ақпан күні сот ғимаратында ажырасу процесінің алдында күйеуі өз әйелін пышақтап өлтірді. Ол күзетшілердің дұрыс тексермейтіндігін пайдаланып, сотқа пышақ алып кірген екен.

Сол күні қызметте болған 34 жастағы күзетші жұмысына салғырт қарағаны үшін айыпты деп танылды. Ол сотта кінәсін толық мойындапты.

Сөйтіп, күзетші екі  жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан үш жылға шеттетілген. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Тағы да оқыңыздар:

Даяшы халал тойға ішімдікті тығып кіргізетіндердің қулығын жайып салды

Қазақ журналисі Қуат Найманды жекпе-жекке шақырған балуанды сөгіп тастады

"Ақтөбе" футбол клубы жанкүйерлерінің қылығы үшін қомақты көлемде айыппұл төлейді

Дағыстандық аруға үйленіп, қалың малын алтынмен төлеген шейх әлем назарына ілікті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1449944-zhumysyna-salghyrt-qaraghan-kuzetshi-sot/