Ұшып жүрген жылқы мен үй бөлшектері: елордада үлкен дауыл тұрды (фото, видео)
Опубликовано:
Астанада секундына 20 метрге дейін соғатын дауылды жел тұрды. Ауа-райының қолайсыздығынан ғимараттардың кей бөліктері опырылып, ескерткіштер құлап, ағаш бұтақтары сынып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Астана ІІД-не елордадағы сұмдық ауа-райының салдарынан орын алып жатқан келеңсіз жайттар туралы хабар келіп түскен. Абырой болғанда, тұрғындар зардап шекпеген.
Астанаға кіру және шығу жолдары жабылған, ал, астаналықтар желмен ұшып кетпес үшін үйлерінен шықпауды жөн көріп отыр.
Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде "дауылды" суреттермен бөлісуде. Наурыз қарсаңында тұрғызылған ескерткіштер мен декорациялар сынып, көшеде шашылып жатыр.
Қолайсыздық тудырған дауылдың нәтижесінде сынып қалған жылқы мен оның үстіндегі адамның ескерткіші бүгін желіде хит болды.
YouTube қолданушысы Теймураз Тагиров Астанадағы желдің қаншалықты күшті екені көрінетін видео жариялаған.
Ескерту! Роликте нормативті лексика сақталмаған!
Тағы оқыңыздар:
Батыр ана балаларын өрттен құтқару үшін үйдің ішінде жалғыз қалып қойған (фото)
Жат ағымның жетегіне еріп, күнге табынып жүрген әйелдің қызы елден кеңес сұрауда
Италиялық әнші жігіт: Шетелге кетіп жатқан қазақ қыздарын сынға алады, бірақ бізге бәрібір
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1451971-ushyp-zhurgen-zhylqy-men-uy-bolshekteri-el/