Астана-Қарағанды тас жолында бір уақытта 15 көлік соқтығысып қалды (фото)
Опубликовано:
Астана-Қарағанды тас жолында 15 көліктің қатысуымен ірі жол апаты орын алды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.
WhatsApp желісінде ақмолалық әуесқой автомобильшілер тобына бейтаныс пайдаланушы апат орнынан сурет жіберген. Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, жол апаты шамамен 30 наурыз күні сағат 18.00-де болған.
"КамАЗ Астанадан Қарағандыға бара жатады. Елордадан 40 шақырым жерде, Аршалы ауылына 10 шақырым жетпей КамАЗ бірден бұрылған. Нәтижесінде оған екі автокөлік соқтығысады. Жол апатына қатысушы көліктің жалпы саны — 15", — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінде.
Жүк көлігі жүргізушісінің сөзіне қарағанда, еш нәрсе көрінбейтін тас жолда оның жолына көлік шыққан. Қаза тапқандар жоқ. Зардап шеккендер саны анықталып жатыр.
Оқиға орнына тергеу-жедел тобы барған. Полицейлердің сөзіне қарағанда, адамдарды елорда мен Аршалы ауылына жедел жеткізіпті.
Тағы оқыңыздар:
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болып, екпінді жел тұрады
Трамп өзінің қызын президент басшылығына жұмысқа орналастырды
Атырауда дүлей дауылдан шатырлар ұшып, көліктерді жапырып кеткен
Павлодар облысында тасқыннан үрейленген жұрт үйлерін тастап қашуға мәжбүр
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1452260-astana-qaraghandy-tas-zholynda-bir-uaqy/