Қарағандыда суға кетті деген күдікпен тағы бір адам іздестіріліп жатыр

Опубликовано:

Қарағандының Қаражал қаласының іргесіндегі Ақтай ауылында мал қарауға шыққан жігіт суға түсіп кеткен. Оқиға жетінші сәуір күні таңертең орын алған деп хабарлайды Baq.kz.

Таңертең жылқы қарауға шыққан Ақтай ауылының тұрғыны қайтар кезде мұздың үстінен өтпек болған уақытта суға түсіп кеткен. Куәгерлердің айтуынша, 1980 жылы туылған жігіт атымен бірге ағын суға түсіп кетіп, судан оның тек аты, құрығы мен киімі ғана шыққан.

«Ауыл шетінде ағып жатқан судың ағысы қатты. Мал қарауға шыққан жігіт судан өтпек болып, судың ағыны саяз жерін қарап тұрған уақытта астындағы мұз жарылып кетіп, атпен бірге суға түсіп кеткен болуы мүмкін. Жақын жерде қой бағып жүрген жігіт суға түсіп кеткен адамның көмек шақырып айқайлаған дауысын естіген. Сол жерге барғанымен судан тек аттың шыққанын көрген», - дейді ауыл тұрғыны Салтанат Тәжкеева.

Аталған оқиғаға байланысты Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар қызметіне хабарласқанбыз.

«Ақтай ауылының маңайында ағыны қатты өзен жоқ. Бұл жақта тек қар суының еруі салдарынан пайда болған сулар ғана бар. Аталған оқиғаның нақты куәгерлері жоқ. Сондықтан да суға кетті деген ақпарат нақтыланбаған. Қазіргі уақытта ол жерде жергілікті атқарушы органдар жұмыс жүргізуде», - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Қуаныш Муталлапов.

Төтенше жағдайлар қызметі мал қарауға шығатын адамдарға абай болуды ескертеді.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Белгілі қазақ жазушысы "Мен жындымын" атты кітап жазып шықты

Ақтөбеде мектеп оқушылары миында ісігі бар сыныптастарын соққыға жықты

Мақпал Жүнісованың дауға айналған фильмге жазған саундтрегі жарық көрді (видео)

Рамзан Қадыров ауыр дертке шалдыққан қазақстандық әйелге қаражат аударды (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1459659-qaraghandyda-sugha-ketti-degen-kudikpe/