ШҚО-да шопан тасып жатқан өзен суына батып кетті

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысында өзеннен азық-түлік өткізіп жүрген ер адам суға кетіп қаза тапты. Бұл туралы Шығыс аймақтық аэромобилді жедел құтқару отрядының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Азық-түлікті жеткізу үшін жүз шақырымдық жол жүруді қаламаған шопандар жүкті өзен жағаларының арасына керілген арқан арқылы өткізіп отырған. Бұл әдіс жол шығыны мен уақытты үнемдеген екен.

Алайда күндердің бір күнінде бұл жүйеден ақау шығады. Азық-түлік салынған қап 20 метрлік арқан жолдың дәл ортасына келіп тұрып қалады. Орнынан қозғау мүмкін болмағандықтан, 47 жастағы шопан керілген арқаннан ұстап, жүкті алып шықпақ болған.

"Дене салмағы мен мұзды судың күшті ағынына төтеп бере алмаған ер адамның қолы арқаннан шығып кетеді. Шопан өмір үшін жанталасып күресуге тырысқанымен, куәгерлер ешқандай көмек көрсете алмапты", — делінген хабарламада.

Суға кеткен ер адамның денесі оқиға орнынан бес шақырымдай жерде табылды.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Қаржы министрі депутаттардың жалақысына қатысты сауалға жауап бере алмады

Айсәуле Бақытбек түрмедегі әкесінің атын жамылған алаяқты сотқа берді (фото)

Министрлік көпбалалы аналарды жұмыс істеуге мәжбүрлемейтін болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1461253-shqo-da-shopan-tasyp-zhatqap-ozen-suyna-ba/