Алматы облысында 8 жастағы қызға педофил шабуыл жасады (фото)

Опубликовано:

Алматы облысы Түрген ауылында белгісіз ер адам кішкентай қыз балаға шабуыл жасап, зорлаған деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ.

Оқиға 14 сәуір күні шамамен кешкі сағат 17-00-де болған. Қыз бала мектептен шығып, үйіне қайтып бара жатқанда шамамен 30 жастағы мас ер адам шабуылдаған. Оқушының ата-анасының айтуынша, белгісіз ер адам олардың қызын зорлаған.

"Мен үйге жақындай бергенде белгісіз ер адам мені ұстап алып, аузыма бірдеңе құя бастады. Мен ұйықтап қалдым. Ол мені өзен жаққа алып келіп, кішкене көпірден тастай салды. Оның маған не істегені есімде жоқ. Оянған сәтімде ол мені бар күшімен ұстап тұрды. Адамдар өтіп жатты, алайда олар маған көмектеспеді. Мені Тимур деген бақташы құтқарып қалды", - дейді жәбірленуші.

Осылайша жас жігіт қылмыскерді қорқытып жіберіп, ол оқиға орнынан бой тасалаған.

Кейінірек қыз баланың әкесі туыстарымен қаскөйді тауып, полицияға ұстап берген. Ал өздері қызды алып ауруханаға жөнелген.

Жергілікті дәрігерлер қыз баланы қарағаннан кейін одан қан кеткенін хабарлаған. Ақ халаттылар отбасыны Есік перзентханасына жөнелткен. Алайда қыз балаға Есікте ешқандай көмек көрсетілмеген. Оқушының туыстарының айтуынша, басында дәрігерлер қыздан зорлық белгілерін байқағанын айтса да, бұл сөздерін камера алдында айтудан бас тартқан.

"Ауруханада қыздың зорланғанын, жарақаты ауыр екенін, қан ұйып қалғанын айтты. Ол жерден Есікке ауруханаға жатқызу үшін жіберді. Алайда сот-медициналық сарапшысы қызды қарағаннан кейін оның таза екенін айтып, барлық қағазды алып кетіп қалды", - дейді зардап шеккен қыздың әкесі.

Осыдан кейін отбасы Өтеген батыр кентіндегі ауруханаға келген. Дәрігерлер зардап шеккен қыз баланы қабылдағанымен, штатта оны қарайтын гинеколог болмаған. Отбасыны қайтадан облыстық ауруханаға жіберген.

Ал облыстық ауруханада балаларды қарайтын гинеколог дәрігер болмағандықтан оған көмек көрсетілмеген. Тек қыз бала таңға қарай Өтеген батыр кентіндегі ауруханаға жатқызылған.

NUR.KZ-ке Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, арызданған ата-ананың ісі бойынша Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-тармағы бойынша ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер") іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"32 жастағы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны ұсталып, уақытша қамау изоляторына жабылды. Осы іс бойынша барлық қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп атап өтті полициядан.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде үш баласын үш түрлі еркектен туған келіншек аянышты тағдырын айтты (фото)

Шекарада 50 мың долларынан айырылған әйелдің енді ұлы мен інісі жауапқа тартылмақшы

Ақыл-есінен айырылған қостанайлық келіншек туыстарына іздеу салды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1466818-almaty-oblysynda-8-zhastaghy-qyzgha-pedof/