Қираған үйлер және эвакуация: Ақтөбеде төтенше жағдай жарияланды
Опубликовано:
Ақтөбелік билік өкілдері мен ТЖД қызметкерлері қалада төтенше жағдай жариялады. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай 19 жылдан бері болмаған деп хабарлайды NUR.KZ.
«Қазіргі кезде 290 саяжай мен аула суға кетті. Бау-бақша ұжымындағы 5 үй құлап қалған. Барлығы 700-ден астам адам эвакуацияланып, құтқарылды. Олардың арасында балалар мен мүгедек адамдар да бар.
Эвакуацияланған адамдарды уақытша қоныстандыру үшін 12 бекет жұмыс істер тұр. Орта мектептерде 200-ге жуық адам қоныстанды. Қалғандары тума-туыстарының үйіне кетті», — деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі.
Бүгін қала әкімі төтенше жағдай қызметкерлеріне жағдай ушығып кетпес үшін құтқару жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
"Қоғамдық тәртіпті қатаң түрде назарда ұстаңыздар. Дүние-мүліктерге күзет қойыңыздар - тонауға жол бермеңіздер. Келітірілген шығынды есептейтін арнайы комиссия құрыңыздар", - деді қала әкімі Ільяс Испанов.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Елімізде жауын-шашынды ауа-райы сақталады
Зарина Дияс Қытайда өткен турнирде жеңімпаз атанды
Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады
Аяғы ауыр Ақбота ақ көйлекпен суретке түсіп, жұртты қызықтырып қойды (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1467193-qiraghan-uyler-zhane-evakuciya-aqtobede/