Мал үшін туған бажасын атып өлтірген ақтөбелік тұрғын 9 жылға абақтыға қамалды (фото)
Опубликовано:
Ақтөбе облыстық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында туысқандар арасындағы жанжалға сот үкім шығарды. Жоғалған малы үшін бажасын өлтіріп, шошқа базасына тастап кеткен ақтөбелік тұрғын 9 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
Сотталушы Жетпіс Ршимов жазасын қатаң режимдегі абақтыда өтейді.
Күйеуінен айырылып, жездесіне қарғыс айтқан жесір келіншек осы оқиғадан кейін туған апасымен де байланысын үзген.
"Менің күйеуім мен жездемнің арасында 1994 жылы да төбелес болды. Күйеуімнің жағын сындырды. "Бажалар" деп еш жерге шағым жасаған жоқпыз. Сол кезде менің аяғым ауыр болатын. Жағы сынып, қансырап, үйге еңбектеп келген күйеуімнен шошып, балам мүгедек болып туылды. Мына жағдай да қастандықпен жасалынды.
Туған апамның күйеуі мені жесір, үш баламды жетім қылды. Қаза болған күні апам келді. Үйден қуып жібердім. Тіршілікте сыйласпағандар өлгеннен кейін не керек?! Енді апам өлсе де бармаймын. Апамның жасы 60-қа келіп қалды. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырды. Арыстай азаматымнан айырылып мен сорлап қалдым", - дейді марқұмның əйелі Қадиша Жанұзақова.
Сотталушы Жетпіс Ршимов 1961 жылғы. Алты баласы бар. Ол сотта кінəсін ішінара мойындап, өкініш білдірген болатын.
Сотталушының қылмыс жасаған құжаты жоқ, заңсыз қаруы тəркіленді.
Жəбірленушінің туыстары сотталушыдан 10 миллион теңге моральдық шығын өтеуді талап еткен болатын.
Судья Ахметқали Молдағалиев жəбірленуші тарапқа 2 миллион теңге моральлық, 520 мың теңге материалдық шығын өндіруге үкім шығарды.
Сонымен қатар, сотталушыға мемлекет пайдасына 294 501 теңге төлеу міндеттелді.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Еліміздің басым бөлігінде жаңбырлы ауа-райы сақталады
16 тісін жұлдырмақ болған қыз емхана креслосында көз жұмды
Алматыда 8 жасар қызды өзбекстандық азамат зорламақ болған (фото)
Үкімет су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеуге дайын емес
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1469081-mal-ushin-tughan-bazhasyn-atyp-oltirgen/