БҚО-да ерлі-зайыптылар Алладан жалбарынып сұрап алған баласынан айырылып қалды (фото)
Жарияланған күні:
БҚО-да тұмаумен ауырған екі жарым жастағы бала аудандық ауруханада көз жұмды. Фармбақылау комитетінің шешімімен баланың өліміне антибиотиктің қажетті мөлшерін дұрыс тағайындамаған дәрігерлер кінәлі деп табылған. Бұл туралы uralskweek.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Белгілі болғандай Амангелді Алдияр тұмауратып ауырып, Бөкейорда аудандық ауруханасына түскен.
Алдиярдың анасы Нұргүл Түлеуғалиеваның айтуынша, бүлдіршінді наурыздың басынан бастап жергілікті ауруханада, содан кейін аудандық ауруханада емдеген. Жағдайы жақсармаған баланы 16 наурызда облыстық инфекциялық ауруханаға жөнелтіпті.
Аталған мекемеде Амангелді Алдияр бір тәулік те жатып үлгермей 17 наурызда көз жұмған.
Сот медициналық сараптама қорытындысы бойынша оның өлімінің себебі - Лойелл синдромы, токсикалық эпидермалды некролиз, антибиотиктен улану.
Нұргүл Түлеуғалиеваның отбасы екі жарым жастағы баласының өліміне кінәлілерді анықтап, оларды заңды түрде жазалауды сұрап, мемлекеттік органдарға өтініш түсірді.
"Алдиярды біз жеті жыл қасиетті жерлерге барып, Алладан екінші бала бер деп сұрап алдық (Нұргүлдің тұңғышы он жаста). Күйеуім жүк тасиды. Кішкентай Алдиярды ол өзімен бірге алып жүретін. Оған көлік жүргізіп үйретуді армандайтын. Неге осылай болды? Қайғыдан өмір сүргім келмейді", - деп жылайды Алдиярдың анасы.
Қазіргі таңда аудандық прокуратура аурухана мамандарына қатысты қылмыстық істі ашу үшін аудандық ішкі істер бөліміне өтінім хат жолдаған.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Мұхтархан Ділдәбеков: Қанат Ислам 3-4 жылда Головкинді қуып жетеді
Қазақстандықтар алдағы мереке күндері неше күн демалады?
Белді шенеуніктерге арналған Астана әуежайындағы жаңа VIP-терминал қандай? (фото)
Ақтөбеде теміржолшы әйел басшылықтан көрген қысымға шыдамай, екінші қабаттан секіріп кетті (фото, видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1482430-bqo-da-atan-ana-alladan-zhalynyp-surap/