Астана тұрғындары 6 жасар қызды зорламақ болған педофилді тепкінің астына алды (фото, видео 18+)
Опубликовано:
Желіде азғындық әрекет жасаған педофилді ұстап алып, соққыға жыққан астаналық жұмысшылардың видеосы таралып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.
Видео WhatsApp мессенджері қолданушылары арасында кеңінен таралды.
Құрылысшылар тобы қамыс арасында тығылған ер адамды ұстап алған. Кадр сыртындағы дауыс ер адамның Астанадағы жаңа вокзал ауданында кішкентай қызды зорламақ болғанын мәлімдеді.
Жұмысшылар ұсталған ер адамның педофил екенін айтып, жабылып ұра бастаған.
"2011 жылғы кәмелет жасына толмаған қызды зорлау фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 121 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.
Қажет сараптамалар бекітіліп, 48 жастағы күдіктінің бұрын түрмеде отырғаны анықталды. Қазіргі таңда ер адам Астанадағы уақытша қамау изоляторында.
Педофил жеткіншекті аудан орталығынан бос жатқан өндіріс орнына қарай алдап алып кеткен.
Оқиға орнына жақын маңда жұмыс істеп жүрген жұмысшылар оны байқап қойып, ұстап алған", - деп хабарлады Астана ІІД баспасөз хатшысы.
Видеоны көрген көпшілік педофилді ұстаған азаматтарға шексіз ризашылықтарын білдіріп, марапаттауды ұсынып жатыр.
Назар аударыңыздар, видеода нормативті емес лексика қолданылған!
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Қырғызстан туристерді еліне қызықтыру үшін есірткіні заңдастырғалы жатыр
ШҚО-да жұмысшыларды құл ретінде жұмсаған шенеунік жаға ұстатты (фото, видео)
Алматыда полицейге шабуыл жасаған жүргізушінің әкімдікте қызмет атқарғаны анықталды (видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1483987-astana-turghyndary-pedofildi-ustap-al/