Ақтауда биік құздан құлап, көз жұмған 15 жасар қыз селфидің құрбаны болуы мүмкін

Опубликовано:

Ақтауда қаза тапқан жасөспірім селфидің құрбаны болуы мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.

15 жастағы Ксения Басенконың өлі денесі бірер күн бұрын Каспий теңізінің жағалауынан табылған болатын. Қазір оның суретке түспек болғанда, құздан құлап кеткені туралы айтылуда. Ал өзге болжам бойынша, тоғызыншы сынып оқушысы биік жартастан әдейі секіріп, суицид жасаған.

Оның мұндай қадамға баруына отбасы мен достарының арасындағы кикілжің себеп болуы мүмкін екен.

Тоғызыншы сынып оқушысының ажалына себеп болған құз осы. 15 метр биіктіктен құлаған Ксения Басенконың денесін маңайда жүрген балықшылар байқаған. Сөйтіп, бірден жедел жәрдем шақырады. Бірақ тасқа құлаған қыз сол жерде тіл тартпай кетіпті.

Қазір 15 жастағы қыздың жұмбақ өліміне қатысты түрлі болжам айтылуда. Көпшілік оны өз-өзіне қол салған деп отыр. Ал бұған отбасындағы кикілжің мен достарының арасындағы түсініспестік себеп болған көрінеді. Бірақ мектептегі ұстаздары Ксенияның суицидке баруы мүмкін емес дейді.

"Ол бәрімен дос еді. Сыныптағылармен қарым-қатынасы жақсы болды. Ешқандай кикілжің болған емес. Сабырлы қыз болатын. Сабақтан да қалмайтын", - дейді Ксенияның сынып жетекшісі Ләззат Дербісәлина.

Білім ошағындағылардың айтуынша, Ксения тоғызыншы сыныпты бітіріп, колледжге түспек болған екен. Сөйтіп, мал дәрігері мамандығын иеленгісі келген. Ол оқыған мектептің психологы да жасөспірімнің отбасында ешқандай кикілжің болмағанына сенімді.

"Отбасы да жақсы болатын. Анасы жиналыстардан қалған емес. Мектепке жиі келіп, қызының оқу үлгерімі мен тәртібін қадағап жүретін", - деп еске алды №5 орта мектептің психологы Елена Кусаева.

Ал енді бір болжам бойынша, кәмелетке толмаған қыздың сәтсіз селфидің кесірінен ажал құшуы мүмкін. Яғни жағалаудағы әдемі көріністе суретке түспек болғанда, құлап кетуі ықтимал. Дегенмен, мұның бәрі болжам ғана. Қыздың нақты қалай өлгені әзірге белгісіз. Оны анықтау үшін қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кеткен.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Forbes Қазақстанның ең бай 50 адамын жариялады

Бекболат Тілеухан халықты алдап, қан қақсатқан қаржы пирамидаларын жабуды талап етті

Алматылық зейнеткер желілік маркетингке 90 туысын кіргізіп, тақырға отырғызды

Алматы мен Астанада 2 млрд теңгеге қандай пәтер сатып алуға болады? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1489403-aqtauda-biik-quzdan-qulap-koz-zhumghan-15/