Балқаш зиратында аяусыз қыз зорлаған екі жігіт бостандықта тайраңдап жүр (фото)
Опубликовано:
Балқаш тұрғыны Нұргүл Құсылбекованың өмірі тозаққа айналғанына тоғыз ай болды. Бойжеткенді зират басында аяусыз зорлап, кейін өлтірмек болған екі жігіт бостандықта емін-еркін тайраңдап жүр деп хабарлайды NUR.KZ.
Бүгінде Нұргүл кез келген дыбыстан, әсіресе джиптің дауысынан қорқатынын жасырмайды. Себебі қылмыскерлер оны сол күні джиппен күштеп алып кеткен.
"Мен бұл қорқынышты күнді ұмыта алар емеспін. Олар айуан секілді болды. Суға тұншықтырып, соққыға жықты. Зорлап, ойына келгендерін істегеннен кейін тағы да соққыға жықты. Олар мен темір күрекпен ұрды. Зират плитасымен мені жаншып, жарға лақтырып жібермек болды. Бұл мұсылмандық зиратта болды. Олардың бірі мені қорламас бұрын, тіпті құран оқып алды", - деп қорқынышты күнді есіне алды Нұргүл.
"Мені қорқынышты түстер мазалайтын болды, алғашында тек дәрілердің көмегімен ұйықтай алатынмын. Денсаулығым да қалпына келмеді. Басым, қолым, бүйрегім ауырады. Олардың жазаланғанын қалаймын", - дейді Нұргүл.
Бойжеткен бүгінде кризистік орталықта өмір сүруге мәжбүр. Себебі, Балқашқа қайтып оралудан қорқады.
"Мен өз өмірім мен денсаулығыма алаңдаймын, себебі олар бостандықта тайраңдап жүр. Мен Балқашқа қайтып бара алмаймын. Туыстарыммен қарым-қатынасым да суып кетті. Олар мен үшін алаңдайтынын, мені аяйтынын білемін. Әпкем мен енем қолдау көрсетеді. Оларға сол үшін алғыс айтамын. Маған көмектескісі келетіндердің бәріне алғысым шексіз", - дейді Нұргүл.
Бүгінде Нұргүлге білікті адвокат керек. Ол қылмыскерлер жазасын алғанда ғана, болашағы туралы ойлай алатынын алға тартты.
Еске салсақ, Нұргүл "Не молчи" қорынан көмек сұрап, зорланғанын мәлімдеген болатын.
Өткен жылдың 12 тамыз күні құрбысының үйінде болған Нұргүлді бұрынғы жігіті досымен бірге іздеп тауып алады. Бойжеткеннің айтуынша, жігіті оны шашынан сүйреп көлікке отырғызап, көл маңына алып кеткен.
Бойжеткенге сол жердегі куәгер әйел араша түспек болады. Алайда онысынан түк шықпай, жігіттер Нұргүлді қаңыраған жерге алып кетеді. Олар бойжеткенді зиратқа алып барып, әбден азаптаған.
Олар Шашубай ықшамауданына барып, күрек алған. Кейін зиратқа қайтып келіп, сонда Нұргүлді зорлаған. Аяусыз соққыға жығып, күрекпен ұрған, өзіне қабір қазуға мәжбүрлеген.
Нұргүл тірі қалды, алайда азаптаған жігіттер бұл жайтқа қатысты тіс жаратын болса, аман қалмайтынын айтып, қорқытқан. Зорланғаннан кейін екі күн өткесін бойжеткенді жедел жәрдем емханаға алып кетеді. Сол жерде Нұргүл полицияға шағым түсіріп, күдіктілер қамауға алынады.
Бойжеткеннің айтуынша, күдіктілер қамауда ұзақ болмаған. Олар, тіпті Нұргүлге емханаға келген. Зорлау фактісі туралы сараптама жасалғанымен, тергеуші өз жұмысын толыққанды атқармағанына күйінген бойжеткен бір жарым айдан кейін жергілікті прокуратурадан көмек сұрайды.
Прокурор тергеушіні шақыртып, он күн ішінде тергеуді толыққанды жүргізуді тапсырады. Алайда бұл да еш нәтиже бермеген. Бойжеткен облыстық ІІД-ге де жазған, бірақ одан еш жауап болмапты.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Миллиардерге тұрмысқа шыққан Кейт Миддлтонның әпкесі тойын дүркіретіп өткізді
Ақыл-есі кем жігіт Гарвард студенті атанып, ата-анасын қуантты (фото)
Пластикалық отаны аямай жасатқан актрисаны жұрт танымай қалды (фото)
Жеті жасар бала өзін жебеп жүрген періштені суретке түсіріп алды (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1500926-balqashtynh-ziratynda-qyzdy-ayausyz-zor/