Англияда оқитын қазақ жастары жойқын жарылыстан қалай аман қалғандарын айтты
Опубликовано:
"Болашақ" бағдарламасымен Англияда оқып жүрген қазақ студенттері лаңкестік құрбаны бола жаздады. Алты отандасымыз жойқын жарылыс болған Манчестер аренадағы концертке барған екен деп хабарлайды КТК арнасы.
60-қа жуық адам ауыр жараланды. Ариана Гранденің қайғылы аяқталған концертіне ақтөбелік Бауыржан Қазиев те барғысы келіпті.
"Мен де билеттерді қарағанмын, бірақ билеттер қымбат негізі. Біздің елшілік хабарласқан. Кураторым да әлеуметтік желі арқылы хабарласты. Аман-есендігімді біліп және мен де аман екендігімді жазып, кураторыма хабарымды бердім", - дейді магистрант Бауыржан Қазиев.
Бауыржан – тарих пәнінің мұғалімі. Манчестерде магистратурада білімін жалғастырып жүр. Айтуынша, жарылыстан соң Ұлыбританияда оқып жүрген қазақтар бірін-бірі дереу түгендей бастапты. Шетелдегі азаматтарымыздың аман-саулығын анықтаған Сыртқы істер министрлігі қаза тапқандардың арасында қазақтар жоқ деп отыр.
Ұлыбритания премьер-министрі полицияның лаңкестік әрекет жасаған адамның атын білетінін мәлімдеді. Бірақ тергеу құпиялығына байланысты Тереза Мэй оны атаған жоқ. Әзірге бір күдіктінің ұсталғаны хабарланды.
Осы лаңкестік салдарынан елде қызу жүріп жатқан сайлауалды науқан да тоқтатылған. Оның орнына жаппай қан тапсыру шарасы жүріп жатыр. Біздің студенттер де шет қалмай, зардап шеккендерге қан беріпті.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Сирия аспақ болған 500 қазақстандық кері қайтарылған
Букмекерлер Қанат - Гонсалес жекпе-жегіне қандай болжам жасады?
Алматы облысында үш балабақшаға бомба қойылды деген ақпарат тарады
Шымкентте анасынан аяусыз таяқ жеген жеті жасар бала ауыр халде жатыр
Ғашығымен демалудан жалыққан жігіт ұшақ жолаушыларын дүр сілкіндірді (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1501908-angliyada-oqityn-qazaq-zhastary-zhoyqyn/