Мектепке іш киіммен келетін дөкейдің ұлы 64 жастағы қарияны сабап тастады (фото)
Опубликовано:
Ақтөбеде дипломмен ауылға барған жас маман 64 жастағы қарияны ұрып, миына зақым келтірген. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімінен әріптестері де талай таяқ жеген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
Үнемі жабулы қазан күйінде қалатын жас маманның мәселесіне таяқ жеген қария алаңдап отыр. Айтуынша, дене шынықтыру пәні мұғалімінің көкелері істі жауып тастауға тырысып жатыр.
«Қарап жүріп кішкентай баладан таяқ жедім. Кеше 20 мамыр күні қалаға келдім. Телефоныма бір жігіт қоңырау шалды. «Көлік таппай тұрмыз, ақшасын төлейміз, Мәртөкке дейін жеткізіп салыңызшы» деді. Бардым, Мәртөк ауданына апардым. Ауданға кіргенімде 5000 теңге берді.
Олар ауданға бармаймыз, Жайсаңға апар деді. Мен ол жаққа бара алмайтынымды айттым. 500 теңге қосты. Қай жерден алдым, сол жаққа апарам деп мінгіздім. Жайсаңға апардым, бес сағат олардың футбол ойнағандарын күтіп, алған жеріме қайттық. Балалар көліктен түсіп жатыр еді, ішіндегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі «түспеңдер» деп бұйырды.
Бізді «Хлебодарға апарасың» деді. Мен жанармайымның жетпейтінін айттым. Ол «бұл мені қызықтырмайды» деді де ұрды. Миым айналып кетті. Жаңағы мұғалім автобусымнан түсіріп алып сүйреді.
Сол жерде балалары айырып, мен қашып кеттім. Үйге бетімнен қан сорғалап бардым. Осы оқиғаны аудандық дәрігерлер мен учаскелік полиция қызметкері жауып тастауға тырысты», - дейді Жүсіп Бигелов.
Бір ауылдан екінші ауылға футбол ойнауға барған жастарды тасыған ақсақал соңында өзі таяқ жеп қалған. Үлкен кісі қансырап аудандық ауруханаға барған кезінде де жөнді қызмет көрсетпейді. Құсып мазасы кеткен қария емделуге қалаға келген.
Таяқ жеген ақсақал қазір жедел жәрдем ауруханасында ем алып жатыр.
«Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қазір мектепте жұмыс жасап жатыр. Маған оқиғаны жүргізуші хабарласып, ұрғанын баяндады. Мен бұл жерде не істей аламын?! Бұл жағдайға тек құқық қорғау орындары ғана көмектесе алады. Бұл мәселені құзіретті орындар ғана шешеді», - дейді Хлебодар орта мектебінің директоры Әділбек Тәжібай.
Мектеп директоры жас мұғалімнің барлық «концерттерін» жайып салды. Лауазымды қызмет атқаратын әкесі мектепке ішкиіммен келетін баласын сотпен жұмысқа алғызған.
«Мен мектепте 2013 жылдан бері директормын. Ол мұғалім 2008-2009 жылдары «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен келген маман. Бұл мұғалімге қатысты осыған дейін де проблемалар болған. Дөрекілеу мінезі бар. Әріптестерімен шекісіп қалады.
Өткен жылы жұмыстың кезінде бір жігітті ұрып, көзін көгертіп қойған. Бірақ, ол жігіт шағымданған жоқ. Мен бұл жағдайды кейін білдім. Тағы бір жағдай 2015 жылы болды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі таңертең мектепке ішкиіммен келді. Сонда ол өзінің не істеп жүргенін білмейді. Ішкиімі мен аяғына сүйретпе киіп мектепке келді.
Осыдан кейін айқай болып, бұл баланы жұмыстан шығарып жіберген болатынмын. Кейін ол соттасып, үкім оның пайдасына шешіліп, жұмысқа қайта келді.
Ол баланың әкесі - Мәртөк аудандық білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті төрағасы. Мен бұл баланы жұмыстан уақытша шеттеткен кезімде прокуратура арқылы жұмысқа қайта кірді.
Осыдан кейін мен ештеңе жасай алмадым. Мектептегі балаларды жазым қылмаса деп алаңдап отырамын», - дейді мектеп директоры Әділбек Тәжібай.
Пайғамбар жасындағы қария да өзін қорлаған дөкейдің баласы жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Еліміздің кейбір аймақтарында найзағай аралас жаңбыр күтіледі
Желіде Қанат Исламның жекпе-жегі алдындағы видеосы пайда болды
Атауы жоқ түсініксіз картина аукционда $110 миллионға сатылды (фото)
Баласын өзгелердің мазақ еткеніне шыдамаған ана өз қабырғасынан ет жырып берген
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1502098-aqtobede-mektepke-ishkiimmen-keletin/