Атырауда ит талап тастаған 13 жастағы бала ауыр халде жатыр

Опубликовано:

26 мамырда Атырау облыстық балалар ауруханасының хирургиялық бөлімшесіне ит тістеген көп жарақаттармен 13 жасар бала келіп түсті деп хабарлайды Ақжайық.

Басылымның жазуынша, балаға Жеңіс бағының жанында қаңғыбас алабай шабуыл жасаған. Зардап шегушінің жағдайын облыстық балалар ауруханасының хирург дәрігер Ризабек Хаиров ауыр деп бағалап отыр.

Естеріңізге салсақ, осындай жаға ұстатарлық жағдай биылғы жылдың 6 қаңтарында Еркінқалада орын алған болатын.

Жеті жастағы баланы қаңғыбас иттер аяусыз талап тастаған еді. Осыдан кейін қала маңындағы ауылда қаңғыбас иттерді жаппай ату ұйымдастырылып, екі күн ішінде 150-ден астамы жойылды.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Қазақстандық боксшы қыз ресейлік қарсыласын есінен тандырды

ОҚО-да қатыгез ана некесіз тапқан ұлын ыстық шаймен күйдіріп, сабап тастады

Павлодар облысында 12 жасар оқушы қарындасын құтқарып, ерлікпен қаза тапты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1505934-atyrauda-13-zhastaghy-balany-talap-tast/