Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қапшағай тас жолында жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза болды (фото)

Опубликовано:

Бүгінде түнде Алматының Қапшағай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, алты адам қаза тапты. Оқиғадан тағы алты адам ауыр жараланған деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қайғылы оқиға Қапшағай-Бақанас тас жолының 66-шы шақырымында болған.

Алдын-ала мәлімет бойынша, BMW жүргізушісі алдында келе жатқан басқа көлікті басып-озу үшін жолдың қарсы бағытына шыққан кезде бетпе-бет келген Geely көлігімен соқтығысқан деп жазады Азаттық.

Салдарынан екі көліктің соқтығысуынан оқиға орнында Geely көлігіндегі төрт адам (оның ішінде сәби де бар) қаза болды. Ажал құшқан екі адам BMW көлігінде отырған. Тағы алты адам ауыр жараланған. Олардың да арасында кішкентай бала бар.

Тағы оқыңыздар: Еліміздің көлік жүргізушілері бензин таппай сабылып жүр

Айта кетейік, Geely-дегі жолаушылардың барлығы Қарағашқа қонаққа бара жатқан. Олардың арасындағы тірі қалғаны жалғыз жан ол - тоғыз айлық бала.

Нәресте омыртқасына зақым келді деген диагнозбен ауруханаға жеткізілген.

Сарапшылардың айтуынша, апатқа кінәлі делінген BMW жүргізушісі тірі қалған. Оны өзге де зардап шеккендермен бірге ауруханаға алып кеткен.

Тағы оқыңыздар: Түркияда жантүршігерлік жол апатына түскен жастар елге оралды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1633552-qapshaghay-tas-zholynda-zhanturshigerlik/