Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде жас жігіт әкесін балғамен ұрып өлтірді

Опубликовано:

Семейде жігіт әкесімен сөзге келіп қалып, балғамен аяусыз ұрып тастаған. Алған жарақаты салдарынан ер адам ауруханада көз жұмды. Баласы әкесін ішкені үшін ұрған екен, деп хабарлайды Baq.kz.

24 жастағы жігіт бақшаға көмектесу үшін әкесіне үш күн қатарынан келеді. Осы үш күн бойы әкесі ішімдік ішіп жатқан. Әке мен баланың арасында жанжал шығып, баласы әкесінің кеудесінен ұрып жіберген. Ол жерге құлап түседі, сол кезде жігіт қолына түскен балғаны әкесіне жіберіп қалады.

Балға ер адамның басына тиеді. Жігіт әкесінің есінен танып қалғанын көріп, көмек шақырады.

Зардап шегуші ауруханаға жатқызылады. Бір апта ес-түссіз жатып, қайтыс болған. Сотта жігіт өзін қорғамақ болып, қолына балға алғанын айтқан. Оның сөзінше, әкесі оны қылқындырмақ болыпты. Бірақ сот сараптамасы жас жігіттің денесінен ешқандай зақым таппаған.

Сот барысында қаза болған ер адамның ағасы сотталушыны қатаң жазаламауды сұрайды. Айыпталушы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Тағы оқыңыздар: 

Өмірімен қоштасқысы келген ақтөбелік бизнесмен газ бекетін жарып жібермек болды

Маңғыстау облысында сот төрағасы жол апатынан қаза тапты

Шымкентте көршісінің 16 жастағы ұлын зорламақ болған тұрғын ұсталды

Әйелдердің әдепсіздігіне күйінген епископ шіркеуін мешітке айналдырып тастады (фото)

Әп-сәтте өзгеріп кеткен Баян Есентаеваны желі қолданушылары танымай қалды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1653947-semeyde-zhas-zhigit-akesin-balghamen-ury/