Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жаппай төбелес кезінде жүрек тұсынан пышақталған жігіт оқиғаның қалай болғанын айтты

Жарияланған күні:

Рабаттағы төбелес кезінде жүрек тұсынан ауыр жараланған Бақдәулет Үмбетов есін жиды. Сөзіне сенсек, жанжалдың нақты неден шыққанын және кімнің пышақ сұққанын ол білмейді деп хабарлайды ТВК арнасы.

Науқас тіпті ауруханаға қалай жеткенінде есіне түсіре алмады. Айта кетейік, 27 қазан күні Қазығұрт ауданы, Рабат ауылында бір топ жігіт төбелесіп, соңында алты адам пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген еді.

Жансақтау бөлімінде жатқан 22 жастағы Бақдәулет Үмбетовтың жағдайы әліде болса ауыр. Себебі, пышақ жүрек тұсын зақымдаған. Сондай-ақ, екі өкпесінеде ота жасауға тура келген. Дегенмен, дәрігерлер оның беті бері қарағанын айтып қуанды. Онымен қоса, науқас есін жиып, тіпті ақ халаттылардың сұрағына жауап беріп жатыр екен.

"94 жылғы науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Есін біледі. Сұрақтардың барлығына жауап береді. Қан қысымы бірқалыпты жағдайда", - дейді Шымкент қалалық ЖЖА қабылдау бөлімінің меңгерушісі Сәбит Байбосынов.

Науқас есін жиғанымен пышаққа қалай түскенін айтып бере алмады. Тіпті төбелескендердің кім екенінде танымайтын болып шықты. Тек кешкі уақытта көшеде бір топ жігіттердің жиналып тұрғанын байқап, қастарына барған. Сол кезде аяқ асты жанжал шығып, жігіттер жаға жыртыса кеткен. Жұдырықпен жағдайды реттей алмағандар, ақыры болмағасын бір-бірін пышақтап тастапты.

"Ешкімді танымаймын. Барып қалсам, төбелес басталып кетті. Түн болатын. Не болып жатқанын аңғармадым. Кім- кімді пышақтап жатқанын қайдан білейін. Бір кезде біреуі пышақ сұғып алды. Сөйтіп жерге құладым. Ешкімді танымаймын. Өзім өмірмен арпалысып жатырмын", - дейді науқас Бақдәулет Үмбетов.

Қазір осы іске қатысты Қазығұрт АІІБ ҚР ҚК 106 бабы «Қасақана ауыр дене жарақатын келтіру» және 293 бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғады. Соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Нью-Йоркте теракт: Жүк көлігі адамдарды таптап кетіп, сегіз адам қаза тапты (фото, видео)

Алматы облысында әскерге кеткеніне небәрі үш күн болған жігіт үйіне табытпен оралды (фото)

Семейде тепсе темір үзетін азамат пойыздың астына түсіп өлмек болды

Отбасымен қарғысқа ұшыраған семейлік жанұя қайдан көмек сұрарын білмей дал болды (фото)

Бұрынғы күйеуіне ызаланған әйел оның көлігін талқандап тастады (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1664141-shymkentte-zhurek-tusynan-pyshaqtalghan/