Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда түн ішінде аң аулауға шыққан шопанды 14 жастағы жеткіншек өлтіріп алды

Опубликовано:

Атырау облысы, Жылыой ауданындағы қыстақтардың бірінде 14 жастағы жасөспірім абайсызда шопанды өлтіріп алды деп хабарлайды "Атырау" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға түнгі мезгілде орын алды. Жасөспірім демалысқа шыға салысымен Биікжал ауылында тұратын ағасына қыдырып келген. Әлгі ағасы қыстақта көмекшісімен бірге мал бағады екен.

Оның әбден ұйықтап кеткеніне көз жеткізген көмекшісі мен жеткіншек түн ішінде аң аулауға шығып, өздерімен бірге қару-жарақты да ала кетеді. Өкінішке орай, бұл әрекеттерінің соңы қайғылы жағдаймен аяқталған.

Жасөспірім мылтықтан байқаусызда оқ атып, шопан көмекшісінің басына тиеді. 18 жастағы жігіт сол жерде тіл тартпастан көз жұмған. 

Қазір бұл іске қатысты Қылмыстық кодекстің 104-бабы 1 бөлігі («Абайсызда қазаға ұшырату») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті

Тағы оқыңыздар:

Антальяда қазақстандық қызды көлік қағып кетті

Қазақстан тумасы әлем чемпионын мерзімінен бұрын жеңді

Еліміздің бірнеше облысында жел күшейіп, көктайғақ болады

Қостанайда бесінші қабаттан секіріп кеткен бойжеткен аман қалды

Қарағанды облысында екі баланың анасы із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1667885-atyraulyq-shopan-14-zhastaghy-zhasospirimn/

pixel