Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғар тұрғыны 13 жастағы қызының көзінше әйелін аяусыз пышақтап тастады

Опубликовано:

Алматы облысында әйелін қызғанған ер адам 13 жастағы қызының көзінше жұбайын пышақтап тастады деп хабарлайды өңірлік ІІД-не сілтеме жасаған NUR.KZ.

Полициядағылардың айтуынша, 21 қараша күні көпқабатты үйлердің біріне жедел жәрдем бригадасы келген. Олар жас келіншектің өлімін тіркеп, оның пышақтап өлтірілгенін анықтаған.

Анықталғандай, жедел жәрдемді қайтыс болған әйелдің қызы шақырған.

Полиция қызметкерлері мас күйіндегі әйелдің күйеуін құрықтаған. Ол мас болғанына қарамастан, қылмыс жасаған пышақты тығып үлгерген. Алайда полиция қызметкерлері оны тауып алған.

«36 жастағы әйел қайтыс болған. Кісі өлтірді деген күдікпен оның күйеуі ұсталды. Оны қылмыс жасауға итермелеген қызғаныш сезімі болуы мүмкін. Қылмыс жасалған зат анықталып, дәлел ретінде қылмыстық іс материалдарына қосылды. 99-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Қамауға алынған ер адам қылмысын мойындап, қамауға алынған.

Отбасылық жұп төрт баланы тәрбиелеп жатқаны белгілі болды. Тиісті органдар оларға қамқор болу жағын ойластыруда.

Тағы оқыңыздар: 

Мексикада Головкиннің жүрегін елжіреткен кімдер?

"Қырым - Украинаға тиесілі" деген Собчактың басы бәлеге қалды

10 секунд ішінде ажал аузынан екі рет аман қалған жігіт жұртты таң қалдырды

Сауд Арабиясында қамауға алынған ханзадаларды соққыға жығып, азаптап жатыр

Қарағанды облысының әкімі ең ірі ауданға Әлихан Бөкейхановтың есімін бере алмай жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1686696-talghar-turghyny-13-zhastaghy-qyzynynh-kozin/

pixel