Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде зорландым деген 15 жастағы жеткіншектің "қыздығы бұзылмағаны" анықталды

Опубликовано:

Ақтөбеде «зорланды» деген 15 жастағы қыздың «қыздығы бұзылмаған» деген медициналық экспертиза қорытындысы шықты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының тұрғыны 15 жастағы қызының зорланғанын айтып, осыған дейін де көмек сұраған болатын. Қыздың әкесі тоғызыншы сыныпты бітірген қызын сұмдық жағдайдан кейін мектептен шығарып, колледжге түсірген. Әкесі шошып қалған қызының талып ауыра беретінін айтады.

«Қызым қазір ауырады. Қалаға әкеліп колледжге түсірдім. Қызымның зорланғанын төрт айдан бері дәлелдей алмай жүрмін. Жігіт алғашқы жауап алуда бәрін мойындаған болатын. Экспертиза қорытындысы шыққаннан кейін жігіт ештеңені мойындамай отыр. Сондықтан мен прокуратураға шағым жаздым. Полиция қысқартып тастаған істі прокуратураның тексергенін сұраймын», - дейді жәбірленушінің әкесі.

Екі рет қайталап жасалынған экспертиза кәмелеттік жасқа толмаған қыздың қыздығы бұзылмаған деген қорытынды шығарды. Жәбірленуші тарап түсірген шағымнан кейін прокурорлар қысқартылған қылмыстық істің заңдылығын тексермек.

«Қылмыстық іс тергеу кезінде қысқартылған. Прокурорлармен оның заңдылығы тексерілетін болады», - дейді Ақтөбе облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен Айнұр Аманқұлава-Нұрадинова.

Тағы оқыңыздар: 

Павлодарда ауыл әкіміне тіл тигізген тұрғын түрмеден бір-ақ шықты

Дариға Назарбаева: Билігі тұрақты, барлығын болжауға болатын елде тұрамыз

Қарт кісілерді қораз бен тауық секілді билеткен асаба жұрттың ашуын тудырды (видео)

Үшінші сәбиіне аяғы ауыр Салтанат Бақаева отбасылық фототүсірілім жасады (фото, видео)

Ақшасын төлей алмай оқудан шыққалы жатқан ақтөбелік студентке қайырымды жастар көмектескен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1686985-aqtobede-zorlandym-degen-15-zhastaghy-qyz/