Алматыда автобусқа келіп соғылған жеңіл көліктің сау-тамтығы қалмады (фото)
Опубликовано:
Алматыда жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, нәтижесінде екі адам жедел жәрдемнің көмегімен ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Sputnik Казахстан сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Жол-көлік оқиғасы Рысқұлов мен Жангелдин көшелерінің қиылысында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, "Тойота" көлігі Рысқұлов көшесінің бойымен батыс бағытқа қарай қозғалып келе жатып, Жангелдин көшесінің қиылысына жетпей, апатқа ұшыраған. Көлік жүргізуші тізгінді басқара алмай, аялдап тұрғанм автобусқа барып соғылған.
Апат салдарынан көлік жүргізушісі мен ондағы бір жолаушы сау-тамтығы қалмаған көліктің ішінде қысылып қалған. Оларды көліктен шығаруға куәгерлер көмектескен. Оларға көмектесу үшін көлік есіктерін жұлып алуға тура келген. Зардап шеккендер ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Тағы оқыңыздар:
ОҚО-да көңілдесі үшін әйелін соққыға жыққан күйеуі оны өлтіріп тастады
Танымал қазақ боксшысы Қанат Исламның бесінші сәбиі дүниеге келді
Марқұм әкесін есіне алған Тәуекел Мүсілім көз жасын тоқтата алмады
Құман Тастанбековті 20 желтоқсанда жер қойнына тапсыратын болады
Еліміздегі банктердің бірі жаңа жылдық кешке Ресейдің атышулы әншісін шақырды (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1708558-almatyda-avtobusqa-kelip-soghylghan-zhe/