Көкшетаулық кәсіпкер оқ жарақатынан көз жұмды

Опубликовано:

Көкшетаулық бизнесменге оқ атылып, кәсіпер ауруханада көз жұмған деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

ІІД хабарламасына сәйкес, оқиға ЖШС кеңеселірінің бірінде 22 желтоқсанда орын алған. Сол күні, компания қызметкерлерінің бірі, екінші қабаттан шыққан атыс дауысы туралы полицияға хабарлаған көрінеді.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері, екінші қабаттан 47 жастағы компания директорын жарақаттан күйінде тауып алған. Кәсіпкер ауруханаға жеткізілгенімен, азамат ес жимастан көз жұмған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, кәсіпкер өз-өзіне қол жұмсауы әбден мүмкін.

Қазір «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1709510-kksetaulyk-ksipker-ok-zarakatynan-kz-zmdy/