Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тышқандар отандық банктердің біріндегі ақшаны кеміріп тастаған (фото, видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желілерде қазақстандық банктердің біріндеге ақшаларды тышқандардың кеміріп тастаған видеосы пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.

fsdfsvzbvzdfb
fsdfsvzbvzdfb: UGC

Видеода банк қызметкерлері банкомат кассетасын ашып, ондағы тышқандар кеміріп тастаған купюраларды көруге болады. Олар 2000 және 10 000 теңгелердің "күл талқанын" шығарған. Сонымен бірге, видеода тышқандарды да көруге болады.

Кеміргіштерді көрген әйелдер қорыққанынан, жан дауысымен айқайлай берген.

Олар шамамен 100 мың теңгеден кем емес қаражаттың быт-шытын шығарған.

Қызметкерлер ForteBank бейджиктерін тағып алған. Осыған орай NUR.KZ аталған банктен осы іске қатысты сауал тастап, ресми жауап алды.

"Сіздердің сауалдарыңызға жауап ретінде мынаны хабарлаймыз: расымен де, Астана қаласының маңында орналасқан ForteBank банкоматтарының бірінде инкассация кезінде бірнеше тышқан табылды. Олар қатты суықтан тығылатын жер іздеген болуы керек. Қазіргі таңда болған жайттын анық-қанығы анықталуда. Кеміргіштердің жағдайы жақсы", - деді банктегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1711918-tyskandar-otandyk-bankterdi-birindegi-aksany-kemirip-tastagan-foto-video/

pixel