Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жалғызбасты ананы көшенің қақ ортасында зорлап кетті

Опубликовано:

Полицейлер 37 жастағы әйелді зорлаған қылмыскерді құрықтады деп хабарлайды облыстық ІІД сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

ІІД мәліметтеріне сүйенсек, зорлық-зомбылық оқиғасы 19 қараша күні Балпық ауылында орын алған. Қылмыскер жұмысына асығып бара жатқан жәбірленушіні аңдып жүріп, адам аз жүретін көшеде зорлап кетеді.

Болған оқиғадан шошып қалған әйел бірден полицияға келіп арыз жазыпты. Алайда ол қылмыскердің сырт белгілерін бірден сипаттап бере алмайды. Тек өзін-өзі қорғау барысында азаматтың қолын тырнақ егеуішпен жарақаттағанын жеткізген.

Тәртіп сақшылары болжам бойынша назарға іліккен күдіктіні тексеру барысында қылмысты жасаған дәл сол адам екенін анықтады.

14 қаңтар күні қылмыскер құрықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Айта кету керек, қылмыскер үйленбеген. Ол бір ауылда тұратын туыс-жақындарымен де араласпайтын болып шықты.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1712242-almaty-oblysynda-zalgyzbasty-anany-kseni-kak-ortasynda-zorlap-ketti/

pixel