Ақтөбедегі автобуста тірідей жанып кеткен өзбек жігіттерінің фотосы жарияланды
Опубликовано:
Өзбекстандағы желі қолданушылары Ақтөбе облысындағы тас жолда жанып кеткен марқұмдарды қайғыра жоқтауда. Facebook желісіндегі парақшалардың бірі атвобуста болған жастардың фотосын жария етті деп жазады NUR.KZ.

57 жолаушысы бар автобус 18 қаңтар күні Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы маңында жарылып кеткен болатын.

52 адам автобуста тірідей өртеніп кетті. Аман қалған бес адам бүгінде Ақтөбедегі қалалық ауруханада жатыр.

Автобус жолаушылары Ресейге құрылыс алаңында жұмыс істеуге бара жатқан.

Желі қолданушылары марқұм болған жастардың ата-анасы мен бауырларына қайғырып, көңіл айтуда.

Өзбекстан президенті Шавкат Миризияев 52 адамның өліміне жастарға дұрыс жұмыс тауып бере алмаған билік кінәлі екенін айтты.



Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1713335-aktbedegi-avtobusta-tiridej-zanyp-ketken-zbek-zigitterini-fotosy-zarialandy/