Павлодар облысында аязда қалған бір жарым жасар сәбидің қолы үсіп кетті
Опубликовано:
Екібастұз қаласында анасымен бірге күннің суығында сыртта болған сәбидің қолы үсіп қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы vpavlodare.kz атты Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Сәл кешіккенде баланың қолын кесіп тастауға тура келетін еді. Бүгінде ол дәрігерлердің қарауында емханада жатыр. Сәбиді анасы сыртқа қолғап кигізіп алып шыққанына қарамастан, қақаған аяздан оның қодары үсіп кеткен", - дейді бас дәрігердің міндетін атқарушы Светлана Крылова.
Белгілі болғандай, өңірде үш тәуліктің ішінде ғана 13 адам үсік шалғаннан дәрігерлер көмегіне жүгінген.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1713385-pavlodar-oblysynda-aazda-kalgan-bir-zarym-zasar-sbidi-koly-sip-ketti/