Қарағандыда шашын алдыруға барған бала құлағынан айырыла жаздады
Опубликовано:
Қарағандының Пришахтинск шағын ауданында төрт жасар бала шашын қысқартамын деп, құлағынан айыра жаздады. Шаштаразшы абайсызда оны кесіп жіберіпті деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Құлағы кесілген баланың суреті Instagram желісінде жарияланды.
Қарағандылық келіншек жергілікті сұлулық салондарының бірінде шаштараз ұлына жарақат салғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, баланы жедел-жәрдем бригадасы алып кетіп, дәрігерлер ауруханада құлағын тіккен.
"Күйеуім қоңырау шалған кезде жұмыста едім. Баланың жағайы жақсарғаннан кейін әлгі салонға бардық. Әкімші қайта-қайта кешірім сұрап, дәрі-дәрмек шығындарын өтеп беретінін айтты. Шаштараз біз әңгімелесіп жатқанда бірде-бір рет кешірім сұрамады. Әрине, бәрін түсінемін, бірақ 2-3 сағат өтті, есін жиюға болатын еді ғой", — деп жазды зардап шегушінің анасы.
Әйел салон қожайыны осы жағдайдан кейін хабарласпағанын айта кеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1713860-karagandyda-sasyn-aldyruga-bargan-bala-klagynan-ajyryla-zazdady/