Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да құтқарушылар алты жастағы баланы іздестіріп жатыр

Опубликовано:

ОҚО-ның Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында алты жасар бала ойнап жүріп, Арыс өзеніне құлап кеткен. Құтқарушылар таңнан бері жеткіншекті іздестіріп жатыр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орны. Фото: NUR.KZ
Оқиға орны. Фото: NUR.KZ: UGC

Оқыс оқиға отыз бірінші қаңтар күні кешкі сағат алтылар шамасында болған. Оқиға орнына ОҚО-ның ТЖД-нің жедел-құтқару жасағы жеке құрамында 6 адам, 1 техника және 1 судағы құралмен шығып кетті.

Іздеу жұмыстары бүгін таңғы сағат жетілерде басталған. Бірақ әзірге әлі нәтиже жоқ. Қыстың суығын ескерсек, өзенге батып кеткен балақайдың аман қалуы екі талай дейді мамандар.

Қазіргі кезде төтеншеліктер іздеу жұмыстарын қарқынды түрде жүргізуде.

"Оқиға орнына ОҚО ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағы жеке құрамында 6 адам, 1 техника және 1 судағы құралмен шығып кетті. Сағат 07:30-дан бастап Арыс өзенінде ОҚО ТЖД «Жедел құтқару жасағының күшімен суда іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Іздестіру әлі нәтиже берген жоқ", - деп хабарлайды ОҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1714594-oko-da-ktkarusylar-alty-zastagy-balany-izdestirip-zatyr/

pixel